Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3523 0 пікір 6 Маусым, 2016 сағат 21:03

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ. ӘКІМ ХАЛЫҚТЫ САҚ ЖҮРУГЕ ШАҚЫРДЫ

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Аймақ басшысы халықты сақ болып, күдік туғызатын азаматтарды көргенде Ішкі істер органдарына хабарлауға шақырды, деп хабарлады 24.kz.

«Ақтөбеліктердің сақтық танытуларын сұраймыз. Күмәнді тұлғаларды байқасаңыз, 102 нөмір арқылы Ішкі істер органдарына шұғыл түрде хабарлау қажет. Құрметті жерлестер, сіздерден сабырлық танытуды сұраймыз. Жоспарлы антитеррорлық операциялар жүргізілуде. Жағдайдың бақылауда екендігіне сендіреміз. Қазіргі кезде ахуал тұрақты», - деді Бердібек Сапарбаев.

Соңғы деректер бойынша, Ақтөбеде антитеррорлық операция кезінде 4 содырдың көзі жойылып, 7-еуі қолға түсті. Оның екеуі жараланған. Қазіргі кезде қалған қылмыскерлерді табу үшін барлық амалдар жасалып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, шабуылды теріс ағымдағы дін ұстанушылар жасаған. Ақтөбе қаласында антитеррорлық операция режімі жарияланды. Ойын-сауық мекемелерінің жұмысы мен қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылды.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні Астана уақыты бойынша 15:45-те Ақтөбедегі «Паллада» қару-жарақ дүкеніне белгісіз біреулер шабуыл жасап, дүкеннің сатушысын және «Жедел Күзет» күзет агенттігінің қызметкерін өлтірген. Бұдан бөлек оқиға орнына келіп жеткен үш  полицейге оқ атып, жарақаттаған. Сондай-ақ, «Пантера» атты қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, келушілердің бірін өлтіріп, екіншісін жаралаған. Бұл жерге келіп жеткен полиция нарядымен арада атыс болып, үш қылмыскердің көзі жойылды, біреуі қолға түсті.

Ұлттық ұлан әскери бөліміне шабуыл жасау үшін содырлар бағдарлық автобусты жүргізуші мен жолаушыларды шығарып жіберіп, басып алған. Кейін автобуспен әскери бөлім дарбазасын соғып кіріп, көзге көрінген адамды ата бастаған. Солайша үш әскери қызметкерді өлтіріп, алтауын жаралаған. Кезекші қарауыл қару қолданып, қылмыскерлердің бетін қайтарған. Оқиға орнына жеткен полиция нарядымен бірлескен олар бір содырды өлтіріп, екіншісін жаралаған және қолға түсірген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394