Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 5522 0 пікір 3 Маусым, 2016 сағат 16:18

ШЫНШЫЛ ҰСТАЗ ҚЫЗМЕТТЕН ҚУЫЛА МА?

Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы мектептің ұстазы Айман Сағидуллаеваны оқырман қауым жақсы таниды. Қарасай ауданының атқамінерлері сол Айман Сағидуллаеваны біржола қызметтен қууға кіріскен секілді.

Бүгін біздің редакциямызға Айман ханым хабарласып, бір-ақ күнде ескерту мен сөгіс алғанын, енді бір қатаң сөгіс алса қызметтен босайтынын айтып шағымданды.

Айман Сағидуллаева, ұстаз:

– 19 мамыр күні мені қарасайлық ақсақалдар жиналысқа салып, «тәртібімді» қараған еді. Оны Сіздердің порталдарыңыз жазған болатын. Сол кезде өзім танымайтын адамдардың негізсіз жаласынан жүрегім ауырып, жедел жәрдем шақыруға тура келді. Осымен іс біткен шығар деп ойлағанмын. 2 маусым күні маған директор түске дейін ескерту, түстен кейін сөгіс жариялады. Ескерту осыдан 12 күн бұрын болған ақсақалдар өткізген жиналыста беріліпті. Оны мен кеше ғана алдым. Енді, бір сылтау тауып, сөгіс жариялап, мені қызметтен қуа салуға болады деген сөз.

19 мамыр күнгі ақсақалдар өткізген жиналыстың хаттамасын сұрап, ала алмай отырмын. Ұзынқұлақтан естуім бойынша, енді мені Жаңатұрмыстың ақсақалдарының жиналысына салмақшы көрінеді. Шындықты айтып шырылдап, мұғалімдердің құқығын қорғағаным үшін осыншама сергелдеңге салуға бола ма?

Айман Сағидуллаеваны жиналысқа салған ақсақалдардың бірнешеуімен хабарласып, мардымды жауап ала алмадық. Директор да телефонын көтермеді. 

Осы шынашақтай ғана Айман қыз ұстаздардың сенбіліктерге баруына, директорлардың пәрменімен түрлі концерттерге билет сатып алуға, сонымен қатар мұғалімдерді мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмыстарға салуға қарсылығын білдіріп, оқытушылар құқығын қорғап жүр. Мұғалімнің жанайқайы министрліктің құлағына ілініп, талай күрмеулі мәселені шешкенін де жақсы білеміз. Сол себепті де, күрескер ұстаздың жағдайы әрдайым біздің назарымызда болатынын ескерткіміз келеді.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364