Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2475 0 пікір 17 Қыркүйек, 2016 сағат 10:56

Байқау үштұғырлы тілді тұғырлы етпек

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі                 Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті  2016 жылғы 16 қыркүйекте  Қазақстан халқы тілдерінің ХVІІІ республикалық фестивалі аясында мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері» республикалық байқауын  өткізді.

21 - 29 жас аралығындағы жергілікті және орталық атқарушы органдарда қызмет ететін  мемлекеттік қызметшілер  арасында ұйымдастырылып отырған байқаудың мақсаты - жаһандық өркениет пен еліміздің  даму бағытына сай  үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, жан-жақты білімді, өзінің саласында кәсіби құзырлы  мемлекеттік қызметші жастарды  анықтап, қолдау көрсету, сондай-ақ үштұғырлы тіл саясатын  насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді мемлекеттік қызметші жастардың меңгеру деңгейін анықтау.

Республикалық деңгейде өткізіліп отырған байқауды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғ. С. Мелдешов министр А.Мұхамедиұлының  құттықтау сөзімен ашты.

Байқау барысында «Мәдениеттаным», «Ұлттаным», «Өнертаным» аталымдары бойынша  қатысушылардың тілдерді меңгеру деңгейі, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі және сахналық мәдениеті сынға түсті.

Қазылар алқасының шешіміне сай байқауға қатысқан  25 өрен  ынталандыру сыйлықтарымен марапатталса,  Мәншүк Дәулетбайқызы Молдажанова (Ақтөбе облысы  «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» меңгерушісі) бас жүлдені, Шыңғыс Қанатұлы Құдайбергенов (ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің сарапшысы) І,  Жомарт Болатұлы Орман (ҚР Президенті Іс Басқармасы медициналық орталығының басқарма басшысы) ІІ,  Гүлнұр Даниярқызы Даниярова (Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы, емдеу-алдын алу жұмысы және лицензиялау бөлімінің бас маманы) ІІІ орынды  иеленді. Ұлдай Қуандыққызы  Қадырбаева (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы) «белсене қатысқаны үшін» аталымына ие болды. 

Республика деңгейінде ұйымдастырылған  байқау үш тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру және мемлекеттік органдарда үштұғырлы тіл саясатының кең қолдау табуына ықпалын тигізеді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543