ОҚО-да 14 машина-тракторлар станциясы құрылды
Ауылшаруашылық өнімдерінің көлемін ұлғайтуды, экспортқа шығаруды қамтамасыз етуде ұсақ тауар өндірушілердің мәселелерін кешенді шешу үшін, ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес, облыста кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде.
Бүгінгі күнге облыста 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы, 30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр.
Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14 машина-тракторлық станциясы құрылған. (МТС)
МТС-тер құрамында 108 доңғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын,9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.
ОҚО-да суармалы жердің көлемі артпақ
Өңір басшысы Б.Атамқұловтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Аудан, қала әкімдерімен селекторлық режимде өткен жиында 6 мәселе қаралды.
Жиында Үкіметтің 2016 жылғы 9 қыркүйектегі кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардың орындалуы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.
Қазақстанда алдағы бес жылда айналымға кем дегенде 600 мың гектар суармалы жер қосылады. Су қорының талап етілетін көлемі төтенше жөндеу және жаңа су қоймаларын салу есебінен құрылады. Осы ретте аймақ басшысы егістікті ағын сумен толық қамтамасыз ету үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып су қоймаларын салудың жоспарын әзірлеуді тапсырды.
─ Егістік алқаптарды суландыру мәселесін шешуде су қоймаларын салудың маңызы айрықша. Бүгінде үлкен су қоймасы Бәйдібек пен Отырар ауданында салынып жатыр. Биыл оның құрылысы аяқталуы тиіс. Облыстық басқарма барлық аудандарда осындай мүмкіндіктерді зерттеп, жоспар әзірлеуі тиіс, ─ деді Бейбіт Бәкірұлы.
Abai.kz