Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3193 0 пікір 16 Қыркүйек, 2016 сағат 09:51

ОҚО жаңалықтары

Өңір басшысы Б.Атамқұлов жұмыс сапарымен Кентау қаласына қарасты кеншілер ауылы Ащысайда болып, денсаулық сақтау, білім жəне мəдениет сынды бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша, облыс әкімі тұралап қалған кен өндіру өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып, кеншілерді жұмыспен қамтамасыз етуді қалалық билік пен əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясына тапсырды.
Жұмыс сапары барысында құрылыстың сапасына назар аударған аймақ басшысы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын артыратын жағдай жасалыну қажеттігін атап өтті.

***

ОҚО әкімі облыстық депутаттарды қабылдады


Өңір басшысы Б.Атамқұлов Оңтүстіктен Солтүстікке  қоныс аударған азаматтардың жағдайымен танысу мақсатында еліміздің солтүстігіне баратын облыстық мәслихат депутаттарының делегациясын қабылдады.

Айта кету керек,  құрамында облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Айтөреев, облыстық мәслихаттың депутаттары Ж.Ағабеков, Д.Әбіш, А.Салимов, М.Төлтебаев пен М.Тұрысбековтер бар жұмысшы топ мүшелері іссапар кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтановпен және xалық қалаулылары, сондай қоғам қайраткерлерімен жүздеспек.

Елбасының  еңбек күші мол аймақтан солтүстік өңірлерге қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында  биыл Оңтүстіктен Солтүстікке қоныстанған 74 отбасыға мемлекеттен бөлінетін  субсидия толығымен берілді. Бүгінде тағы 32 отбасының құжаты рəсімделуде.

Кездесу барысында депутаттар облыс әкіміне осы бағдарламаның іске асыру барысы туралы айтты. Сонымен қатар, халық қалаулылары қос облыстың екі жақты ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550