Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2450 0 пікір 15 Қыркүйек, 2016 сағат 14:39

САЛЫҚ ТҮСІМІ - 150,4 МЛРД. ТЕҢГЕ

ОҚО Аймақтық коммуникациялар орталығында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Алтынсары Үмбетәлиев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалу барысы мен бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Баспасөз мәслихатында департамент басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадамның» мемлекет үшін өте маңызды екенін атап өтіп, салық және кеден саясатына қатысты мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне жататын 9 міндетті атады.

«Алғашқы топтағы 4 қадамдағы шаралар кедендік декларациялауды жеңілдетуді, сондай-ақ импорттың соңғы тұтынушыға жетуін қадағалауды көздейтін жүйелерді интеграциялау және электрондық декларациялауды дамыту, сондай-ақ, сауатты орындау шарты кезінде аталған шаралар кедендік ресімдеу рәсімін жылдамдатуға септігін тигізеді. Бұл, әсіресе, кәсіпкерлер үшін қолайлы өзгеріс болмақ»,- деді А.Үмбетәлиев.

Мүліктер мен қаражаттарды рақымшылық жасау мерзімі осы жылдың соңына дейін ұзартылғаны көпшілікке мәлім. Осы орайда, халық арасында түсіндіру үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіліп, аталған бағыт бойынша жұмыстарды жандандырып, департамент пен облыс әкімдігі бірлесе мүлікті жария етуге байланысты медиа-жоспар құрылды. Нәтижесінде бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдары тарапынан Қазақстан Республикасынан тыс тіркелген жылжымайтын мүліктер бойынша 328 млн. теңгені құрайтын 19 өтініш бойынша рақымшылық жасалынды. Сонымен қатар жыл басынан облысымыздың 146 азаматы 14,2 млрд. теңге көлемінде ақша қаражаттарын жария етті.

Департамет басшысы 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығына қойылған жоспарды барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша асыра орындағандарын айтып, мемлекеттік бюджетке 150,4 млрд. теңге көлемінде қаржы өндіріліп, межеленген жоспар 139 пайызға орындалғанын мәлім етті.

Брифингте Алтынсары Үмбетәлиев сотқа дейінгі тергеп-тексеру бағытында сапалы жұмыстар ұйымдастырғанын, нәтижесінде заңсыз айналымнан 313 дана ойын құрал-жабдықтары, 457 853 дана алкогольдік және 11 188 дана контрафактілік өнімдері анықталғанын хабарлады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543