Жұма, 2 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2733 0 пікір 14 Қыркүйек, 2016 сағат 09:22

Тарихи мешітке Ислам Кәрімовтың есімі берілді

Ташкентте "Жорабек" тарихи мешітін бұзып тастап, оның орнына "алюкобондтан" Ислам Кәрімов атындағы мешіт тұрғызды.

Ташкенттік генерал Жорабек 1897 жылы салдырып, кейін тарихи ескерткіштер тізіміне енгізілген мешітке Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың есімі берілгенін оның кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева хабарлады. Ол ЮНЕСКО-ның Өзбекстандағы тұрақты өкілі болып істейді.

Кәрімова-Тилляеваның хабарлауынша, мешітті қалпына келтіру жұмыстарын күйеуі Тимур Тилляевпен бірге қаржыландырған. Әлеуметтік желіде жариялаған жазбада Лола сол кезде бұл мешітке әкесінің аты берілетінін сезбегенін айтты.

"Үлем ұсынысымен және көпшіліктің қолдауымен, мешітті Өзбекстанның бірінші президенті, менің әкем Ислам Кәрімовтың құрметіне "Ислом ота" деп атады", - деп жазды Лола Кәрімова-Тилляева.

Еске салайық, Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімов биыл 2 қыркүйекте инсульттен қайтыс болды. Ол 78 жаста еді. Кәрімовты 3 қыркүйекте оның туған жері Самарқанда жерледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 420
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 460
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 433