Мақсары орағы басталды
Ауданымызда егілген 11400 гектар мақсары дақылы бар, оның бүгінге дейін 5600 гектары орылып, орындалуы 48 пайызды құрап отыр. Биылғы ауа райының біршама жауын-шашынды болуына байланысты дақылдар бітік шығып, әр гектарға шаққанда түсім 9,2 центнерге айналды. Егіннен қамбаға 5160 тонна өнім алынды.
Егінді орып алысымен жер жырту жұмыстары жалғасып, қазір аудан бойынша 3 500 гектар жер жыртылды. Мақсары жинау, жер жырту жұмыстарын “Қызыл Жар” ЖШС-і, Балықшы ауыл округіндегі “Нұртай Ата” шаруа қожалығы, Азаттық ауылындағы “Мақұлбек” ЖШС-і осы салаларда нәтижелі еңбек етіп, жоғары өнімге қол жеткізді. Осы іріленген шаруашылықтар басқа шаруа қожалықтарға үлгі болып, шаруа жұмысының тиімді тұстарын көрсетіп келеді. “Ұйымдасқан ұтады” деген қағиданы ұстанған осы шаруашылықтардың ұтымды істеріне сүйсінесің.
Отандық өнімдерді қолдайық
Түлкібас ауданында орналасқан "Бәйтерек 4" көкініс консервілеу және өндеу бойынша кәсіпорын өз өнімдерін шығара бастады. Қуаттылығы жылына 1,5 мың тонна өнім өндіру. 45 адам еңбек етеді. Сұраныста жоғары. Аудан әкімі жұмыс сапары кезінде осы цехтың жұмысымен танысты.
Дереккөзі: Түлкібас ауданы әкімшілігі
Abai.kz