Сәрсенбі, 9 Сәуір 2025
Үміт пен күдік 4295 0 пікір 8 Қыркүйек, 2016 сағат 12:38

ҮКІМЕТ ЕРТЕҢ ОТСТАВКАҒА КЕТЕ МЕ?

Ертең, яғни, 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Отырысқа Президент Н.Назарбаев қатыспақ. Ал, «Новости-Казахстан» ақпараттық агенттігі Үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап, осы жиыннан кейін «Үкімет отставкаға кетуі мүмкін» деп жазады.

Кәрім Мәсімов Қазақстан Үкіметін ең ұзақ басқарып келе жатқан адам. Соңғы жылдары Мәсімовтың отставкаға кетуі керектігін, өйткені, Үкімет ішкі-сыртқы саясатта, экономиканың бүгінгідей ауыр жағдайында тиімді жұмыс істей алмай, дәрменсіздік көрсетіп отырғандығын сарапшылар көптен бері айтып келеді. Отставка мәселесі қоғамда да ұзақ уақыттан бері айтылып жүр. Тіпті Кәрім Қажымұқанұлының әлеуметтік желілердегі белсенділігі де үнемі сынға ұшырап келеді. Прьемер министрден бөлек, Үкімет құрамындағы бірқатар министрлердің әрекеттері, сөйлеген сөздері, түрлі шешімдері де бұқара һәм сарапшылар тарапынан біліксіздік деп бағаланып, қатты сыналған. Осы және басқа көптеген мәселелерді есепке алсақ, Үкіметтің отставкаға кетуі әбден мүмкін. Алайда, мұның бәрі болжам ғана. Мұндай болжамдар әр кезде айтылған. Бірақ, маңызды жиындарда қоғам күткендей шешімдер жасалмаған...

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1679
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4436
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3418