ЕЛБАСЫН ҚАТТЫ ТАҢЫРҚАТҚАН КОНЦЕРТ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитінің гала-концертін сүйсіне тамашалады. Елбасы концерттен алған әсерімен қазақстандық журналистерге арналған брифингте бөлісті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» порталы хабарлайды.
«Қазақстандықтарға көрсетіңіздер. Кеше бізге көрсеткен концерті күшті әсер етті, ғаламат! Судағы «Аққу көлі»: суды жалаң аяқ шалпылдатып кешіп, биледі, субұрқақтарды қолмен, ожаумен жасайды. Барлығы жүзіп жүр және кетіп қалады: қабырғалар, оркестр, орындаушылар. Жалпы ғажап болды, қаншама техника қолданылды. Режиссері Олимпиада ойындарының (2008 жылғы Бейжің жазғы ойындары ҚазАқпарат ескертпесі) ашылуын қойған адам екен», – деді Мемлекет басшысы.
Осы орайда ҚР Президенті G20 саммиті гала-концетін қойған қытайлық режиссерді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертті дайындауға шақыру жайында ойланып қалғанын айтты.
«Ал біз қайда жасаймыз? Есілде ме? Бізде суда жасауға келмейді. Мүмкін қардың үстіне шығар? Біз көп нәрсені көреміз, бірақ олар (Қытай – ескертпе) мұны тамаша, ауқымды жасай алады. Мен бұл жерге бірінші рет келіп отырғаным жоқ», – деді Н.Назарбаев.
Бұл ретте Мемлекет басшысы Тәуелсіздік сарайы ғимаратының ауқымы ҚХР Халық жиналысы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы ғимаратына балама ретінде жасалғанын атап өтті.
«Тәуелсіздік сарайын мен үлгі ретінде алдым. Осы жердегі Халық өкілдері үйін көрдім, ол өте үлкен, үлкен жиындар өткізуге арналған. Астанада осындай ғимарат салу керек деп шештім. Әрине, бізде мұндай үлкен емес. Бірақ, меніңше, бізге жарайды», – деді Н.Назарбаев.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді. Бірінші сессияда Мемлекет басшысы жаһандық экономика мәселелерін шешу жолдары туралы өз болжамдарын айтты.
Abai.kz