«Алтын қор» кадрлық резервінің алғашқы түлегі мемлекеттік қызметке орналасты
Оңтүстік Қазақстан облысында «Алтын қор» кадрлық резервінің алғашқы мүшесі мемлекеттік қызметке орналасты. Бұл туралы «Абай ақпарат» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кадрлық қорда тіркеуде тұрған Арман Мұсаев облыстық құрылыс басқармасының экономика, жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы лауазымына жұмысқа тұрды.
Арман Шералыұлы Мұсаев 1994 жылы 8 маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туылған. Білімі жоғары. Жетекші маман экомомика және бизнес мамандығы бойынша білім алған. 2016 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ді үздік бітірген А.Мұсаев облыстық «Алтын қор» кадрлық резервінің мүшесі болатын.
Айта кетейік, «Алтын қор» кадрлық резерві облысымызда 2005 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Мәселен, қор жетекшілігіне былтыр 30 азамат өтініш білдірсе, оның 30 пайызы мемлекеттік органдарға қызметке орналасқан. Биыл «Алтын қордың» 70 мүшесі болса, жыл соңына дейін соның барлығын дерлік 100 пайыз жұмыспен қамту көзделуде.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 500-дей бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бар.
Дереккөзі: ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Абай ақпарат