Арыс қаласына жаңа әкім тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі және Арыс қалалық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Арыс қаласының әкімі болып Мұрат Болатұлы Қадырбек тағайындалды. М.Б.Қадырбек 1980 жылы туылған. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының тумасы, білімі жоғары, заңгер, құқықтану магистрі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі.
Еңбек жолын 2002 жылы Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымында бастаған.
2004-2008 жылдары Қазыбек би ауданы прокурорының көмекшісі, Шығыс-Қазақстан облысы № 2 Тарбағатай аудандық сотының судьясы лауазымдарын атқарған.
2008-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекеттік активтерді басқару, экономика және қаржы департаментттері директорының орынбасары, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен.
2011-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Солтүстік-Қазақстан және Маңғыстау облысы бойынша департаменттері басшысы - тәртіптік кеңес төрағасы лауазымдарын атқарған.
2016 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып еңбек етіп келді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі