Дүйсенбі, 19 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3456 1 пікір 1 Қыркүйек, 2016 сағат 15:51

Ердоған Обамамен Гүленді қайтару мәселесін талқыламақшы

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік оппозициялық қайраткері Фетхуллах Гүленді қайтару мәселесін АҚШ президенті Барак Обамамен "Үлкен жиырмалық" саммитінде талқылауды көздеп отыр. Саммит 4 қыркүйекте Қытайда өтеді.

Бұл туралы Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын мәлімдеді. Вашингтон бұл мәлімдемеге әзірге жауап берген жоқ.

24 тамызда Анкараға барған АҚШ вице-президенті Джо Байден Құрама Штаттардың діни қайраткер Гүленге тағылған айыптардың қаншалықты дұрыстығын бағалау үшін Түркиямен әріптестік орнататынын мәлімдеген.

Анкара АҚШ-та тұратын Гүленді биыл шілдеде Түркияда әскери төңкеріс жасауға талпынды деп айыптап отыр. Бұл айыптардың барлығын жоққа шығарған Гүлен кінәсін тәуелсіз сот дәлелдеген жағдайда ғана елге оралуға дайын екенін мәлімдеді.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2723
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4471