Өзбекстан: Тәуелсіздік күніндегі ресми шаралар өтпейтін болды
Өзбекстанда республиканың Тәуелсіздік күніне орай жоспарланған ресми салтанаттар өтпейтін болды. 27 тамызда Өзбекстанның министрлер кеңсесі 78 жастағы ел президенті Ислам Каримовтың ауруханаға түскенін хабарлады. Кейін, 29 тамызда, оның кенже қызы Лола Каримова-Тилляева әкесінің миына қан құйылғанын, ол ташкенттік аурухананың жансақтау бөлімінде жатқанын әлеуметтік желі арқылы жариялады.
Абай-ақпарат