Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3618 0 пікір 25 Тамыз, 2016 сағат 12:23

«Тамақ өнеркәсібі» Оңтүстік Қазақстан көрмесі өтеді

2016 жылдың 8-9 қыркүйегінде Шымкентте, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен ұйымдастырылған «Тамақ өнеркәсібі» - AgroProm Shymkent 2016 Оңтүстік Қазақстан көрмесі өтеді.

Көрмеге тамақ өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындар қатыса алады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушыларға төлем ақысыз 9 шаршы метр орын ұсынады.

 Дамуды ынталандыру және өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен жабдықтарды тарту; инвестицияларды тарту мен шағын және орта бизнесті дамыту AgroProm Shymkent іс-шарасын өткізудің негізгі міндеттері болып табылады.

«Тамақ өнеркәсібі» көрмесіне жетекші қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады, олар азық-түлік және сусындарды өндіруге арналған жабдықтар мен технологияларды; ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды, сонымен қатар, азық – түлік пен сусындарды ұсынады.

Көрме аясында толыққанды іскерлік бағдарламалар қарастырылған: «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібін дамыту: үрдістері мен перспективалары» тақырыпта дөңгелек үстел өтеді; Retail–Distributor-Centre (супермаркеттер мен сауда желілерінің өкілдерімен өтетін көрме қатысушыларының бизнес-кездесулері); өнімдерді дегустациялау; әлеуетті серіктестерді/дистрибьюторларды табу мақсатында өндірушілердің өнімдерінің презентациялау және т.б.

Көрмеге қатысудың мәселелері бойынша, өтініш, келесі байланыс телефоны арқылы хабарласыңыздар: Раушан Масимова; тел: - 8 727 2583434; e-mail: raushan.massimova@iteca.kz

Толығырақ ақпаратты AgroProm Shymkent 2016 – www.agropromexpo.kz сайтынан ала аласыз.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369