ЖЕР СІЛКІНІСІ 9 БАЛДАН АССА, АЛМАТЫНЫҢ 40%-Ы ҚИРАУЫ МҮМКІН
Алматы қаласы әкімінің жанынан құрылған Қоғамдық Кеңес мүшесі, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі Дәурен Бабамұратов өзінің Қоғамдық Кеңес аясында өтіп жатқан қаладағы төтенше жағдай мәселелерінің қоғамдық тыңдауында отырғанын facebook парақшасында жаза келіп, жиында төмендегідей деректер айтылғанын жариялады.
1) Алматының үстінде суы тасуға дайын 40 көл бар екен, оның 17-і өте қауіпті;
2) Алматыда 400-ге жуық көшеде мүлдем арық жоқ(яғни жол шайылып кетуі ықтимал);
3) Төтенше жағдай орын алған жағдайда елді ақпараттандыру сиреналары тек 30% xалыққа естіледі екен;
4) Қала үйлерінің 40% жер сілкінісі 9 балдан асса, толығымен құлауға дайын;
Аталған жиында талқыланған мәселелер төңірегінде Дәурен Бабамұратовпен болған шағын сұхбатты сәлден кейін жариялайтын боламыз.
Нұра Матай
Abai.kz