Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3089 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 09:54

Қырғызстан алтын концентратының Қытайға тасылуына алаңдайды

Талдыбұлақ алтын кенін өндіруші "Алтынкен" компаниясы 1170 тонна алтын концентратын Қырғызстаннан Қытайға шығарған. Қазір "Алтынкен" 1800 тонналық екінші партияны сыртқа тасуға рұқсат сұрап отыр.

Үкіметтің Шу облысындағы құзырлы өкілі Бақтыбек Құдайбергенов "Алтынкен" компаниясының алтынды өз фабрикасында игермей отырғанын түсінбей, құқыққорғау органдарына шағым өткізді. Мемлекеттік органдар алтын кенін сыртқа шығаруға рұқсат беру ісін енді бір біріне сілтей бастады.

Талдыбұлақ кенінде 77 тонна алтын бар. Кәсіпорын 2006 жылы құрылған. Қытайлық "Цзыцзинь" компаниясы "Суберб Пасифик лимитед" арқылы 2011 жылы "Алтынкеннің" 60 пайыз үлесін сатып алды, қалған 40 пайызы мемлекеттік "Қырғызалтын" компаниясына тиесілі.

Қытайлық тарап алтын өндіретін фабриканы іске қосу үшін, жобаға 188 миллион юань инвестиция құюға уәде берген. Дегенмен компания онда концентратты шикі өңдеп, соның 1170 тоннасын Қытайға шығарған.

"Алтынкен" бас директорының орынбасары Вэн Яфен мұнда таза алтынды бөліп шығаруға мүмкіндік жоқ деп ақталған. Бұған дейін "Алтынкен" компаниясы ресми түрде 600 келі алтын өндірген. Кәсіпорын жыл аяғына дейін тағы 200 келі өндіреді деп жоспарланған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394