Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2944 0 пікір 24 Тамыз, 2016 сағат 09:53

Тәжік оппозиционерінің туыстары оның бала-шағасы жоғалып кеткенін мәлімдеді

Тыйым салынған Тәжікстан Ислам өркендеу партиясы төрағасының орынбасары Махмадәлі Хаиттың туыстары 22 тамыз, дүйсенбі күні белгісіз біреулер түрмеде отырған саясаткердің әйелі мен 17 жастағы баласын алып кеткенін, содан бері олардан хабар болмағанын мәлімдеді.

"Азаматтық киімдегі бірнеше адам өздерін таныстырып жатпады", - деді саясаткердің туыстары.

Хаиттың туыстары саясаткердің әйелінің және аурушаң баласының денсаулығына алаңдап отыр.

Өткен аптада тәжік оппозициясының шетелдегі сайты "Махмадәлі Хаит тергеу абақтысында азапталып, соның салдарынан оның денсаулығы сыр бергені" туралы хабарлаған.

Осындай қауесет тараған соң, елдің Жоғарғы соты саясаткердің әйелі Савринисо Жураеваға Хаитпен кездесуге рұқсат берді.

"Аллаға шүкір, оның жағдайы жақсы. Бәрі қауесет болып шықты. Алаңдауға негіз жоқ", - деді ол күйеуімен кездесуден шыққан соң.

Махмадәлі Хаит Тәжікстанның бұрынғы қорғаныс министрі Абдухалим Назарзода ұйымдастырған бүлікке қатысы бар деген күдікпен өмірлік түрме жазасына кесілген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387