КҮРІШ ӨСІРУШІЛЕР "АЛТЫН САПА" БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСАДЫ
Жергілікті өнім Қазақстанда брендке айналып үлгерді, ендігі кезекте сыртқы нарық.
Бұған барлық алғышарт жасалған. Мәселен, Қазалы ауданындағы шаруашылықтардың бірінде өнім сапасын бақылау және менеждмент жүйесі енгізілді.
17 жыл бұрын бұл фермада алғаш рет 350 гектар жерге күріш егілген еді. Бүгінде егістік көлемі 4,5 мың гектарға жетіп жығылды. Өнімнің жартысы көрші елдерге экспортқа жіберіледі. Өткен жылдан бері мұнда жергілікті шаруаларға тұқым сатыла бастады.
Мінажадин Өттев, шаруашылық директоры: «Мамандардың айтуынша, түсім әр гектардан 5 центерден болады екен, демек, біз бір мың тоннадай жоғары сапалы тұқым жеткізе аламыз. Бүгінгі таңда облыстың 20% тұқымы қызыл дән. Біз жеткізетін тұқымның құрамындағы қызыл дән 3%-дан аспайды. Біздің өнімдерімізді сатып алатын Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан сияқты ТМД елдері тұқым сапасына ырза, басқа да дәнді-дақылдардың тұқымдарын өндіруге сұраныстар жиі түседі».
«Сыр маржаны» серіктестегі күрішті оңтүстік кореялық технология бойынша өндіреді. Алдымен дәнді дақыл зауытта қабылдау процесінен өтеді, құрамындағы крахмал мен басқа да пайдалы заттар сақтала отырып өңделеді. Одан кейін күріш жақсылап тазаланып, ағартылады.
Данияр Сүйлібаев, жұмыскер: «Біздің ауысымда 18 адам жұмыс істейді. Тәулігіне 18 тоннаға дейін күріш шығарамыз. Тіпті қыста да жұмыс тоқтамайды, маусым күзге дейін жалғасады. Жұмысқа жақынырақ болу үшін мен әдейі Қазалыға көшіп келдім, бұл зауытта жұмыс істегеніме бір жыл болды».
2015 жылдың желтоқсанында серіктестік 500 бас сиырды бордақылау үшін жемдеу алаңын ашты. Бордақыланған ірі қара мал Қызылорда және Байқоңыр қалаларында, аудан аумағында жоғары сұранысқа ие. Бұл істі жақсылап меңгеріп алған соң, кәсіпкер консервіленген бұқтырылған ет, шұжық пен сүбе өндіретін комбинат ашуды жоспарлауда.
Мінажадин Өттев, шаруашылық директоры: «ҚР Үздік тауары» аталымын алған соң біздің өнімімізге деген сұраныс еселеп артты. Егер «Алтын сапа» сыйлығын иемдене алсақ, онда жауапкершілік артып, өнімнің екінші түрінің сапасы да артады».
Айта кетерлігі, «Сыр маржаны» серіктестігі өндірістен бөлек, әлеуметтік жауапкершілікке де көп көңіл бөледі. Бүгінде өндірушілер ауылды аймақтарды көркейтуге айтарлықтай қаржы бөлуде, соның арқасында Ақтан Батыр, Жанқожа батыр және Өркендеу ауылдарында тіршілік ету жайлырақ бола түсті.
Abai.kz