Сенбі, 23 Қараша 2024
Кәсіп-түбі нәсіп 4277 0 пікір 23 Тамыз, 2016 сағат 11:19

CЫР МАРЖАНЫ ШЕТЕЛДІК НАРЫҚҚА ШЫҒАРЫЛМАҚ

 «Сыр маржаны» серіктестегі күрішті оңтүстік кореялық технология бойынша өндіреді. Алдымен дәнді дақыл зауытта қабылдау процесінен өтеді, құрамындағы крахмал мен басқа да пайдалы заттар сақтала отырып өңделеді. Одан кейін күріш жақсылап тазаланып, ағартылады. Қызылордалық күріш «Алтын сапа» байқауының жүлдесінен де үмітті.   

Қазалы ауданындағы шаруашылықтардың бірінде өнім сапасын бақылау және менеждмент жүйесі енгізілді. 17 жыл бұрын бұл фермада алғаш рет 350 гектар жерге күріш егілген еді. Бүгінде егістік көлемі 4,5 мың гектарға жетіп жығылды. Өнімнің жартысы көрші елдерге экспортқа жіберіледі. Өткен жылдан бері мұнда жергілікті шаруаларға тұқым сатыла бастады. 

Шаруашылық директоры Мінажадин Өттеев: «Мамандардың айтуынша, түсім әр гектардан 5 центерден болады, демек, біз бір мың тоннадай жоғары сапалы тұқым жеткізе аламыз. Бүгінгі таңда облыстың 20% тұқымы қызыл дән. Біз жеткізетін тұқымның құрамындағы қызыл дән 3%-дан аспайды. Біздің өнімдерімізді сатып алатын Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан сияқты ТМД елдері тұқым сапасына ырза, басқа да дәнді-дақылдардың тұқымдарын өндіруге сұраныстар жиі түседі», - дейді. 

2015 жылдың желтоқсанында серіктестік 500 бас сиырды бордақылау үшін жемдеу алаңын ашты. Бордақыланған ірі қара мал Қызылорда және Байқоңыр қалаларында, аудан аумағында жоғары сұранысқа ие. Бұл істі жақсылап меңгеріп алған соң, кәсіпкер консервіленген бұқтырылған ет, шұжық пен сүбе өндіретін комбинат ашуды жоспарлауда. 

Шаруашылық директорының айтуынша: «ҚР Үздік тауары» аталымын алған соң біздің өнімімізге деген сұраныс еселеп артты. Егер «Алтын сапа» сыйлығын иемдене алсақ, онда жауапкершілік артып, өнімнің екінші түрінің сапасы да артады». 

Айта кетерлігі, «Сыр маржаны» серіктестігі өндірістен бөлек, әлеуметтік жауапкершілікке де көп көңіл бөледі. Бүгінде өндірушілер ауылды аймақтарды көркейтуге айтарлықтай қаржы бөлуде.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419