Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3119 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 14:51

Аудан әкімі жұмысына білек сыбана кірісіп кетті

Аудан әкімі іс-сапарынн 19262 халқы бар Бірінші Мамыр ауылдық округінен бастады.  Әкім алдымен  басты назарға  әлеуметтік салаға – білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, балабақшаларды және тазалық, абаттандыру, сонымен  қатар орын алған мәселелер мен кемшіліктерге көңіл аударылды.

Мұдан кейін әкім  Бұқарбай Рысқұлұлы Бейнеткеш, Алғабас Тағайна елдімекендегі мектеп балабақша мен әкімшілік ғимараттарын аралады. Тағайна елдімекеніндегі қызанақ өсіретін жылыжайдың жұмысымен танысты. Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған ТОО «Жасулас» қызанақ жылыжайы  қазан айында 1 га жерден 70-80 тонна өнім шығарады деген жоспарда, аудан әкімі жеке кәсіпкерге қанағаттарлық баға берді.

Сондай –ақ аудан басшысы мал сою, сүт өнімін қабылдайтын «Фацели» селолық тұтыну коперативімен танысты.  Тәулігіне 3 тонна ет, 1 тонна сүт  өндіріп «Фуд –Мастер Шымкент Компаниясына» жөнелтуде.

Іс-сапарын қортындылаған аудан әкімі ауыл округінің халқымен кездесіп алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасайтынын айтты. Облыс әкімінің алдында берген уәдесін орындап ауыз су мәселесін шешуді, ішкі жолдарды қайта жөндеуден өтетінін  айтты. Жиын соңында ауылдың қария ақсақалдары жаңа әкімге батасын беріп шығарып салды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502