Мерейің үстем болсын Жұлдыз
Шымқалада бастау алған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауында өңіріміздің аудан, қалаларынан үміткерлер бақ сынап, киелі Отырар жерінде жалғасын тапқан болатын. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай оытырп хабарлайды.
Ән әлемінің падишасы, вальс королі композитор – Шәмші Қалдаяқов атындағы дәстүрлі «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауында жерлесіміз Әділбекова Жұлдыз Бауыржанқызы Ш.Қалдаяқовтың әні «Ақмаңдайлым», Т.Забированың «Өмірге ғашықпын» атты әндерін орындап, облыс әкімінің арнайы жүлдесімен марапатталды.
Жұлдыз Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің музыкалық білім мамандығы бойынша бітіріп, туған жерге оралды.
Жасынан өнер жолында жүріп, аудандық және облыстық деңгейде ұйымдастырылған байқаулардың бірнеше рет жеңімпазы, облыстық Абай, Шәкәрім оқуларында 2-орын, М.Мақатаев оқуларында 3-орын, Алматы қаласында өткен композитор Ө.Бәйділдәев атындағы конкурстың бас жүлдесінің иегері.
Бүгін қала әкімі С.Ертай Ж.Әділбекованы қабылдап, сый-сияпат жасап, жүлделі орынды иеленуімен құттықтады.
Жұлдызға алдағы уақытта өнер жолында шығармашылық табыстар мен биік белестерден көріне беруіне тілектестігін білдірді.
Abai.kz