Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3062 0 пікір 17 Тамыз, 2016 сағат 11:41

Мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша күштер біріктірілді

Мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша күштер біріктірілді. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот және өзге де уәкілетті органдардың актілерін орындау жүйесін жетілдіру мақсатында, Ішкі істер департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасында үш жақты Меморандумдардың жасалуы мен оларға қол қою ұйымдастырылған.

Құжаттар аясында ақпаратпен алмасу, бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастыру, мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдар және басқа да төлемдер бойынша борышкерлерді анықтау, ол үшін арнайы техникалық құралдарды пайдалану, борышкерлердің автокөліктеріне тыйым салу және оларды айып тұрағына орналастыру, борышкерлерге берілген жүргізуші куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру бойынша өзара іс-қимыл жасау мәселелері реттелді.

Айта кетейік, 2016 жылдың басынан облыстың сот орындаушыларымен 51 676 атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет пайдасына жалпы 814,241 млн. теңге  өндірілген.

Меморандумдарда көзделген шарттарды іске асыру нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстың тиімділігінің артылуы күтілуде.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496