Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2857 0 пікір 16 Тамыз, 2016 сағат 16:59

ОҚО-да халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда

Оңтүстік Қазақстан облысында халыққа ұсынылатын қызметтер оңтайландырылуда. Ендігі жерде тұрғындар денсаулық сақтау саласындағы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдарынан алатын анықтаманы алысқа шабылмай бір жерден алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Яғни бұл екі қызмет түрін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін болады. 

Бүгін облыс әкімінің аппарат басшысы Е.Әлімқұлов орталыққа арнайы барып аталған қызмет түрінің жүргізілу тәртібен танысты. 

Онда ол Елбасының «100 нақты» қадам Ұлт жоспарындағы «Ашық үкімет» жобасы аясында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында жүзеге асырылып отырғанын айтты.
Сонымен қатар, облыста осы жоба аясында облыс әкімінің бастамасымен «Ашық әкімдік» жобасы енгізілуде. 

Бүгінгі таңда аталған екі қызметті ұсынушылар корпорация ғимаратына орналастырып, бүкіл материалдық, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызмет алушылардың легін реттеу мақсатында электронды кезек жүйесіне енгізілді. Халыққа қол жетімділікті ұсыну «Ашық әкімдік» жобасының қағидасы.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бектілген 174 мемлекеттік қызмет көрсету түрі болса, оның ішінде 171 түрі халыққа қызмет көрсету орталығы мен мелекеттік органдар арқылы ұсынылады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527