Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3762 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 16:38

Ольга Рыпакова Қазақстан қоржынына сегізінші жүлдені салды

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында ұзындыққа үш қарғып секіру жарысында Ольга Рыпакова қола жүлдеге ие болды деп хабарлайды BNews.kz.

Ақтық сайыста 8 жеңіл атлет жарыс жолына шықты. Жерлесіміз бірінші мүмкіндігінде 14,73 метрге секірді. Осылайша, үздіктердің қатарына қосылды. Төртінші мүмкіндігінде Ольга 14,98 метрге секіріп, Рио Олимпиадасының қола жүлдесін қанағат тұтты.

Өкінішке қарай, жерлесіміз 2012 жылғы Лондонда өткен байрақты бәсекедегі жетістігін қайталай алмады.

Бұл сайыста алтын жүлдені колумбиялық Катрин Ибаргуэн (15,17м) алды. Күміс жүлде венесуэлалық Юлимар Рохасқа (14, 98м) бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Ольга Рыпакова осымен үшінші Олимпиадасына қатысып отыр. Шығысқазақтандық спортшы үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері және әлем біріншілігінің жеңімпазы.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қоламен 16-шы орында тұр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543