Сәрсенбі, 9 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3465 0 пікір 15 Тамыз, 2016 сағат 15:36

Кәсіпкерлік саласы ауданда кең қанат жайып келеді

Бүгінгі таңда елімізде кәсіпкерлік саласы кең қанат жайып, жыл сайын кәсіпкерлікпен айналысушылар саны артып келеді. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Осы мақсатта өз кәсібін ашып, дөңгелетіп, мемлекет тарапынан беріліп отырған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланып отырған Түлкібастықтар өзін және ортасын жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікпен айналысуда. Өйткені Түлкібас ауданы кез-келген кәсіптік іске қолайлы аймақ, жері шұрайлы, суы мол, күре жолдың бойында орын тепкен.

Мәселен, жыл басынан бері ауданда 106 азамат өзін ашуға, мемлекет тарапынан беріліп отырған қаржы ұйымдар арқылы несие алып, түрлі бағытта өз жобаларын жүзеге асырды. Оның ішінде 32 кәсіпкер «ЫРЫС» микро қаржы ұйымы арқылы жалпы сомасы  81 млн тенге және 71 азамат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» қоры  186,6 млн теңге, 3 кәсіпкер «Түлкібас несие серіктестігі» арқылы жалпы сомасы  14,2 млн теңге алған.      

Жалпы  ауданда шағын және орта бизнесте тіркелген кәсіпкерлер саны 7772 бірлікті құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1685
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4442
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3429