Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3287 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 12:13

«Тамақ өнеркәсібі» және «ауыл шаруашылығы» Оңтүстік қазақстандық көрмелері 2016 жылғы 6-9 қыркүйек аралығында

2016 жылдың 6-9 қыркүйегінде Шымкентте, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен ұйымдастырылған «Тамақ өнеркәсібі» және «Ауыл шаруашылығы» - AgroProm Shymkent Оңтүстік Қазақстан көрмелері өтетін болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі қатысушылар үшін төлемсіз 9 метрлік стендті ұсынады. Көрмеге ауыл шаруашылығымен және тамақ өнеркәсібімен айналысатын қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар қатыса алады.

«Тамақ өнеркәсібі» және «Ауыл шаруашылығы» көрмелерін бірлесіп ұйымдастыру азық-түлік өнімдерін – шикізатты қайта өңдеуден бастап дайын өнімге дейін өндірудің толық кезеңін көрсетуге мүмкіндік алады.

Дамуды ынталандыру және өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінде жаңа технологиялар мен жабдықтарды тарту; инвестицияларды тарту мен шағын және орта бизнесті дамыту AgroProm Shymkent іс-шарасын өткізудің негізгі міндеттері болып табылады.

«Тамақ өнеркәсібі» көрмесіне жетекші қазақстандық және шетелдік компаниялар қатысады, олар азық-түлік және сусындарды өндіруге арналған жабдықтар мен технологияларды; ыдыс пен қаптаманы өндіруге арналған материалдар мен жабдықтарды, сонымен қатар, азық – түлік пен сусындарды ұсынады.

«Ауыл шаруашылығы» көрмесі мамандарды ауыл шаруашылығының техникасын өндіруші мамандармен; мал шаруашылығы мен құс шаруашылығына, астықты қайта өңдеу мен сақтауға, көкөніс шаруашылығы мен бақ шаруашылығына арналған жабдықтармен және технологиялармен таныстырады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы агробизнес пен тамақ өнеркәсібін дамыту басымды бағыттар болып табылады. 2016 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сай, ірі қара малдың саны 2,5 %, жылқылардың саны - 6,8 %, қойлар - 1 %, құстар - 1,7 %, етті өндіру - 3,4 %, тауықтың жұмыртқалары - 10,4 % және сиырдың сүті - 2,3 % артты. Созақ ауданында 7 айда мал шаруашылығындағы саланың «Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» атты бағдарламалары бойынша жылдық жоспар толығымен орындалған.

Көрмелердің аясында маңызды іскерлік бағдарламасы өтетін болады, оған «Оңтүстік Қазақстан облысында тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту: Үрдістері мен болашақтары» тақырынба өтетін Дөңгелек үстел, Retail–Distributor-Centre (супермаркеттер мен сауда желілерінің өкілдерімен өтетін көрме қатысушыларының бизнес-кездесулері), дегустация, сонымен қатар, қатысушылардың таныстыру рәсімі қосылады.

Көрмеге қатысудың мәселелері бойынша, өтініш, келесі байланыс телефоны арқылы хабарласыңыздар: Раушан Масимова; тел: - 8 727 2583434; e-mail: raushan.massimova@iteca.kz

Толығырақ ақпаратты AgroProm Shymkent 2016 – www.agropromexpo.kz сайтынан ала аласыз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588