Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2577 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 11:05

Бәйдібек ауданында дөңгелек үстел өтті

Бүгін  ауданымызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері минстрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани – адамгершілік ахуал»атты тақырыпта  дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «Abai.kz» порталы ОҚО Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Дөңгелек үстелге  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері минстрлігінің ОҚО бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Жүндібаев Ғабит Өмірәліұлы,

«Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің жоба кординаторы Байзақова Сабира Мұратқызы, «Кемел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Малғайдарова Гүлсара Туғанбайқызы және аудан әкімі аппараты, ауылдық округі әкімі аппараты мен аудандық дербес бөлімнің мемлекеттік қызметшілері, көп балалы аналар, әжелер мен аналар алқасының төрайымдары және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Кездесу барысында мемлекетті нығайтуға, 100 нақты қадамда көрсетілген кәсіби аппарат құруға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсаты бойынша маңызды ақпараттар беріліп, «Жақсы дәстүр отбасының тірегі»,  «Отанды сүю имандылықтан басталады» атты тақырыптарда баяндамалар оқылып, психологиялық ойындар өткізілді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588