Жексенбі, 24 Қараша 2024
Өз сөзім... 5466 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 10:59

МӘСІМОВ МЕДВЕДЕВТЕН БАБАМЫЗДЫҢ БАСЫН СҰРАМАҚ

Қазақстан Үкіметінің ең «тәжірбиелі» тізгіншісі Кәрім Қажымқанұлының әлеуметтік желілерге тіркеліп, өзінің күнделікті өмірінен есеп беріп жүргені белгілі. Міне, жақында «Твиттердегі» парақшасында премьер-министр  Ресей премьері Дмитрий Медведевпен кездесетінін айтты. ҚР Үкімет басшысы дәл осы кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйектерін қайтару мәселесін де сөз етпек көрінеді. 

«Д.А.Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын қайтару мәселесін көтеруді жоспарлап отырмын»,-деп жазады ол.

Ресейдің Санк-Петербор мұражайында сақтаулы тұрған Кейкі батыр мен қазақтың соңғы ханы Кенесарының басын туған елге қайтару мәселесі тарихшылар арасында сан мәрте көтерілгенімен, жоғарғы лауазымды шенеуніктер жағынан пәрменді қимыл байқалмаған еді.

ҚР Парламентінің сенаторы Серік Ақылбай ғана бір рет депутаттық сауал жолдағаны болмаса, басқалары былқ етпеген.

Биыл Ұлт-азаттық көтеріліске – 100 жыл толады. Осы ретте, Кенесары хан мен Кейкі батырдың бас сүйегін елге қайтарып, туған жеріне жерлеу мәселесін Үкімет шындап қолға алса игі еді-ау...

Бұған дейін аталған мәселеге Ел Үкіметі жүрдім-бардым қарап келген болатын. Енді, міне, Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің өзі айтқандай, нақты іс-шараларды жасай ма? Әлде бұл жолы да «жоспар» күйінде қала ма? Рас, премьер мырзаны ешкім мәжбүрлеп, аузына сөз сап берген жоқ. Өзі айтты, өзі жазды. Енді біз премьер-министрдің РФ сапарынан соң, дәл осы мәселе төңірегінде кеңінен әңгіме өрбітетін боламыз.

Бабамыздың басын қайтару үшін біздің премьер не істей алар екен?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588