Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 2807 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 14:36

ОҚО, Отырар ауданында «Отанды сүю - имандылықтан басталады» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті

Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, тұрғындар арасында мемлекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастыру, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге ие мемлекеттік қызмет институтының бірегейлігін нақтылау, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің моральдік-этикалық бейнесі мен біліктілігіне қойылатын жоғарғы талаптарды талқылау мақсатында ОҚО Мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері Ғ.Жүндібаев, А.Коласков, «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Маманова, «Кемел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Әкішовалардың қатысуымен аудан тұрғындарымен кездесу өтті.

Аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманның төрағалығымен өткен жиында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани – адамгершілік ахуал», «Жақсы дәстүр - имандылықтан басталады» және «Отанды сүю - имандылықтан басталады» тақырыбында психологиялық тренингтер өткізілді. Жиында өткізген психологиялық тренингтер азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды іске асыратын қызметшілердің рухани – адамгершілік талаптарын арттыру, олардың қоғамдағы ерекше рөлін тусіндіру, имиджін және оларға азаматтардың сенімдерін нығайтуда септігі зор болды. Көпшіліктің көңілінен шыққан семинар-тренингке аудан әкімі Ерлан Айтахановта қатысып, келелі пікірлерімен бөлісіп отырды.

Кездесу соңында аудан әкімдігі аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, жеке тұлға ретінде қалыптасуына және өзіне деген сенімдерінің өсуіне айтарлықтай ықпал еткен қонақтарға алғысын білдіріп, «Ұлылар елі – Отырар» атты тарихи-танымдық кітаптарын сыйға тартты.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588