ОҚО-да жыл басынан бері әдеп жөніндегі кеңесте 50 іс қаралған
Жыл басынан бері әдеп жөніндегі кеңесте 50 іс қаралған. Бұл туралы «Abai.kz» порталы «otyrar.kz» сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысында шенеуніктер жер телімдерін өз туыстарына берген. Қызметтерін асыра пайдаланған екі лауазымды тұлға әкімішілік жауапқа тартылды. Бұл туралы облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Абдулла Есімханов мырза тілшілердің қатысуымен өткен брифингіде мәлім етті.
Заңды белшесінен басып, ережені бұзғандардың бірі — Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Сарыағаш ауданы Біртілек ауыл округіне қарасты әкімшілік қызметкері екен. Ол өзінің ұлы мен інісіне тиісті құжаттарға қол қойып, жер учаскелерін жалға беріп отырған. Мұндай жағдай Мақтаарал ауданының Жылысу ауылдық округіне қарасты әкімшілікте де орын алған.
Айта кетейік, жыл басынан бері әдеп жөніндегі кеңесте 50 мәселе қаралған. Оның ішінде 42 іс - тәртіптік іс, ал қалғандары сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер болыпты. ОҚО Ішкі істер департаментіне келіп түскен ұсыныстар бойынша лауазымды тұлғалардың барлығы жауапқа тартылған.
Abai.kz