Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 3936 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 12:51

ОҚО-да «Жанұя» толықметражды бейнефильмі түсірілуде

Оңтүстік Қазақстанда «Жанұя» бейнефильмі түсірілуде.Толық метражды драмалық шығарма облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен «Оңтүстік жастары» жобасы аясында жасалып отыр. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Отбасылық құндылықтарды құрметтеу, ата-ана мен баланың қарым-қатынасын дұрыс жолға салу, қазіргі қоғамда орын алған отбасылық келеңсіздіктерді суреттеп, оған жол бермеуді көздейтін туындыда, керісінше үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, жалпы тәрбиелік ұғымдар насихатталмақ. 

Бейнетуындының режиссеры көпшілікке танымал Серік Таласов. Жалпы түсірілім Шымкент қаласында өтуде.

Бейнефильмнің басты рөлдерін Қазақ киносының танымал актерлары Ержан Жарылқасын (Елбасы жайында «Менің балалық шағымның аспаны» к/ф-гі Әбіш әкейдің жас кезі, «Астанаға көктем кеш келеді» к/ф, т.б), Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық драма театрының актрисасы Ақмарал Маханова, «Шаншар» әзіл-оспақ театрының әртісі Ғалымжан Қалыбаев, жастар арасында танымал болып үлгерген Оңтүстіктің тумасы актер Олжас Бекбауов сомдайтын болады. Сонымен қатар, фильмнің кейбір түсірілімдеріне тамыз айының басында кастингке қатысып, актерлік қабілетін көрсете білген бірқатар азаматтар қатыспақ.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583