Жексенбі, 24 Қараша 2024
Мәйекті 5617 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 11:35

РЕСЕЙ МЕН УКРАИНА ҚЫРЫМ ҮШІН ҚЫРЫҚ ПЫШАҚ БОЛЫП ЖАТЫР

Кеше Ресей оккупациялап отырған  Қырымда қарулы қақтығыс болды. Дерек көздеріне сүйенсек, жергілікті тұрғындар Қырым әкімшілігін күшпен басып алуға әрекеттенген. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлайды.

Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі терактіні Украина қарулы күштері ұйымдастырған деп мәлімдеген. Арнайы жүргізілген әскери операция кезінде жеті адам тұтқындалған. ФҚҚ-ның екі өкілі атыс кезінде қаза тапқан.

Федаралды қауіпсіздік қызметі: «Олар Қырым әкімшілігіне шабуыл жасап, билікті күшпен басып алмақ болды. Сонымен қатар, шабуыл жасаушыларды ұйымдастырған жергілікті тұрған болған»,-деп мәлімдейді.

Ал  Украина Қорғаныс министрлігі ресейліктердің сөзін терістеп отыр. «Біз әдетте өз әріптестеріміз туралы ақпараттарды жария етпейміз. Бірақ, дәл қазір Ресейдің қауіпсіздік қызметкерлері бірде-бір Украина арнайы бақылау ұйымының немесе қарулы күштерінің өкілін тұтқындаған жоқ. Бұл жергілікті халықтың Қырым оккупациясына наразылық танытуы»,-деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Қырымдағы қарулы қақтығысты Ресей Президенті «диверсия» деп бағалап, Украинамен шекаралас аймақтарда бақылауды күшейткен.

Ресей президенті Владимир Путин Украина үкіметін бейбітшілікке «террор»    арқылы жеткісі келеді деп айыптап, Мәскеу Қырымның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін   «салмақты шаралар» қабылдайтынын ескертті.  

Украина президенті Петр Порошенко бұл айыптауларды «қиял» және жаңа әскери доңайбат көрсетуге ілік іздеу деп атады. Украина қорғаныс министрлігі ФСБ-ның мәлімдемесі "басқыншылықты ақтау" және Қырымға қайтара әскер кіргізу әрекеті сияқты көрінетінін мәлімдеді.

Естеріңізде болса, 2014 жылы Ресей Президенті Халықаралық келісімдерді ескерместен, Қырымды заңсыз оккупациялаған болатын. Осыдан кейін Қырымда наразылық шаралары күшейіп, жергілікті халық Қырымның Ресей құрамына күшпен қосылғанын айтқан. Тіпті РФ оккупациялаған Қырымның байырғы тұрғындары - жергілікті қырым татарларының құқықтары шектеліп, татарлар көсемі Мұстафа Жемиловты РФ елден депортациялаған болатын.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5578