Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2980 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 10:20

Қоржынымызға қос алтын түсті!

Алтын! Риодағы алғашқы алтынымыз! Анықтай айтсақ, 77 кг дейінгі салмақ дәрежесінде  зілтемірші Нижат Рахымов Қазақстан командасының қоржынына алтын салды! Серпе көтеруде ол үшінші орында тұрған еді. 165 килограммнан кейін ол 168 кг-ге тапсырыс берген. 168 кг біздің батырға бағынғысы келмеді. Алайда, 241 кг зілтемірді жұлқа көтерген Нижат жалпы жиынтығы 379 кг-ні игеріп рекорд жаңартты. Сөйтіп Рио олимпиадасының алтынын тағынып, елұранымызды Бризилия аспанында әуелетті.

Нижаттан соң алтын алу «дәстүрімізге» енсе керек балық бала Баландин 2:07,46, уақыт шегін көрсетіп, суға жүзу өнерінде ерен шықты. Димитрий Баландинге де Олимпиада алтыны бұйырды! Жазирамыздың күмістен алқа тағынып, күлімсіреп тұрған суретін сайтымыздан көріп отырсыздар. Спортшыларымыз осы қарқындарынан танбаса, тағы бірнеше алтын мен күміс, қоланы қоржындарына салып қайтуы бек мүмкін. Жеңіс жалғасын таба берсін.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576