Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2659 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 16:51

Кентауда жолдар жөнделуде

Бүгінде қала аумағында жол жөндеу жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Биылғы жылы жөндеуден өткен көшелердің барлығына жүргіншілер жолы қоса салынады. Бұл туралы қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Батырхан Қалиев айтты.

- 2016 жылы жергілікті бюджеттен 4 көшенің орташа жөндеу жұмыстарына 118 млн теңге бөлініп отыр. Конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. Индустриалды аймаққа барар жолдың жол жиектеріндегі бордюрлер жаңаланып, тротуар төселді. Асфальттау жұмыстары да бітті. Енді М.Дулатов, Шүлембаев, Логинов көшелері жөндеуден өтіп қайта жаңарады - дейді маман.

Ал, облыстан берілген субвенцияға сәйкес 5 көшеге тротуар төселеді. Яғни, Ясауи даңғылы мен Панфилов, Әл-Фараби, Шахтастройға кіре беріс көшелерге және Ә.Молағұлова атындағы №19 мектепке баратын жол жиектеріне жүргіншелер жолы салынады. Сондай-ақ, Ататүрік көшесі орташа жөндеуден өтеді.

Жол жөндеу жұмыстары қалаға қарасты ауылдарда да жүргізіліп жатыр. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Қарнақ ауылына 14 млн 370 мың теңге қаржы қаралып, Еңбек, Наурыз көшелеріне асфальт төселді. Жоспар бойына күзде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша тағы 4 көше жөнделмек. Оның үшеуі Құшата ауылында болса, біреуі Қарнақта. Аталған бағдарлама аясында  Байылдырда екі көше, Хантағыда бір көше, Ащысайда екі көше жөнделіп жатыр. Хантағы ауылында 3 көшеге тротуар түселіп, жүргіншілер көпіріне ағымдағы жөндеу жүргізіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572