Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2539 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 14:13

Шардарада жаңа денсаулық мектебі ашылды

Бұл нысан тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында да елге тамаша тарту болды. «Науқастарға арналған денсаулық мектептерін көбейту – сапаға қол жеткізу жолындағы дәрігер мен науқастың әріптестігін, көрсетілетін медициналық көмектің тиімділігін қамтамасыз етуге мол мүмкіндік береді» - дейді жергілікті мамандар.

Облыс деңгейінде алғаш рет ашылған бұл орталық тұрғындарға 9 бағыт бойынша тегін қызмет көрсетеді. Мұнда жас аналарға нәресте құрсаққа біткен сәттен бастап, қандай күтім жасау керектігін, сондай-ақ, зейнеттік демалысқа шыққан қарттардың салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулықтарын тұрақты қадағалап отыруына бар мүмкіндік жасалған.

Жанар Оспанова, Шардара аудандық емханасының бас дәрігері;

Шардара аудандық емханасына қарасты «Денсаулық мектебінің» ашылуның негізгі мақсаты – аудан халқының, тұрғындардың медициналық сауаттылығын жоғарылату және мекемеаралық, сектор аралық жұмыстардың сапасын жақсарту арқылы әлеуметтік, қоғамдық және мемлекеттік бірлесе отырып, біздің халқымыздың амандығын және өмір сүру жасын ұзарту болып табылады.

Жаңа орталықтың медициналық көмегіне алғаш сүйенгендердің бірі – Тұрсынбай Сейдазимов. Соңғы 5 жылда жүрек дертіне шалдыққан қарияның бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Осы мектепке келгелі көңілі көтеріліп, ауру-сырқатынан психологиялық түрде арыла бастағандай.  Қимыл-қозғалысы да ширай түскен.

Тұрсынбай Сейдазимов, Шардара ауданының тұрғыны;

Регулярно келіп, консультация аламын. Дәрігерлерге алғысымды айтқым келеді. Денсаулығым жаман емес, әйтеуір күтініп, уақытылы берілген дәрі-дәрмектерін қолданып, айтқан режимдерін бірге орындап келе жатырмын.

Денсаулық мектебінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқандар бастама жетекшілеріне айрықша алғыс жаудырды. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында халыққа көрсетілетін дәл осындай санитарлық-медициналық көмектің күн санап жетіле түсетініне сенім нығайтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572