Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2848 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 12:41

Путин мен Эрдоған екіжақты байланысты қалпына келтіруге уағдаласты

Санкт-Петербургте кездескен Ресей және Түркия басшылары екі ел арасындағы байланысты қалпына келтіретіндерін мәлімдеді.

Владимир Путиннің айтуынша, Ресей Түркияға қарсы енгізілген санкциялардың барлығын біртіндеп алып тастай бастады. "Біз сауда және экономикалық әріптестікті қайта жандандыру керекпіз", - деді ол. "Бұл процесс басталып та кетті, бірақ толық қалыптасуына біршама уақыт керек".

Түркия басшысы Режеп Тайып Эрдоған ресейлік әріптесін "құрметті дос" деп атады. Оның пікірінше, екі мемлекет арасында үзіліп қалған байланыстар қалпына келіп қана қомай, болашақта одан сайын нығая түседі.

Ресей мен Түркияның жандалдасып қалуына Сирия шекарасында ресейлік әскери ұшақты түріктердің атып түсіруі себеп болған еді. Оған жауап ретінде Мәскеу санкциялар енгізді.

Ресеймен қайта тіл табысқан Түркияның енді Батыспен байланысы әлсіреп барады. Түрік билігі батыстық әріптестерін әскери төңкеріс жасаушыларды әшкерелеудің орнына, бүлікшілермен күрескен Анкара әрекетіне сын айтумен қатты әуестеніп кетті деп айыптап отыр. Түркияда шілдедегі сәтсіз әскери төңкеріс кезінде 230 адам қаза болды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5564