Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Сүйінші! 6122 0 пікір 30 Қыркүйек, 2017 сағат 16:03

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІК ЖАҢА САЙТПЕН ТОЛЫҚТЫ


Еліміздің ақпараттық кеңістігі мемлекеттік тілдің мәртебесіне қызмет ететін жаңа ақпараттық-танымдық сайтпен толықты. Ол «Tilalemi.kz» порталы, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Аталған портал Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей пәрменімен құрылған. Нақтылап айтсақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша әзірленіпті.

Өзге сайттардан өзгешелігі «Тіл әлемі» порталы тек мемлекеттік тілде ақпарат таратады. Негізгі деген алты айдары бар порталдың ішінен оқырманның ой-өресін, білім көкжиегін арттыруға арналған танымдық материалдар топтастырылған. Сондай-ақ, аталған порталда әдебиетші, тарихшы ғалымдар мен қаламгерлердің тың пкірлері, қызу пікір-таластары, балаларға арналған мультимедиялық жобалар, қазақ тіліне аударылған мультсериалдар да осы порталдан табылады.

Ана тіліміздің кеңге қанат жайып, туған тілінде толғамы мен толғанысы, ойы мен өзегі, өткені мен бүгіні баян болатын теңдесі жоқ таңдаулы, алғашқы жоба - «Тіл әлемі» порталы Қазақ елі үшін өнімді жұмыс жасайды.

Мақсаты – мемлекеттік тілдің ауқымды кеңістікте еркін самғауына, мәртебесінің көтерілуіне, тіл үйретудегі тиімді әдістердің бірігіп, игілікті жұмсалуына, әрбір оқырманның, қолданушының жеке парақшасы арқылы оңтайлы жұмыс жасауына жол ашу.

Егер Сіз тіл үшін тәуекелге барып, әрқашан құдіретті тілдің көгеруіне көмектескіңіз келсе, «Тіл әлеміне» саяхат жасап көріңіз.

Сайттың сілтемесі: tilalemi.kz

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963