Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3192 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 13:58

Шымкентте адам саудасына қарсы «Антитрафик» акциясы өтті

Шымкент қаласында адам саудасына қарсы «Антитрафик» акциясы өтті. Халықаралық адам саудасына қарсы күрес күніне орай өткен іс-шараны облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен «Сана-Сезім» қоғамдық ұйымының өкілдері ұйымдастырды. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Акция барысында іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушылар Шымкент қаласындағы адамдар көп шоғырланатын орындарды, саябақтарды, теміржол вокзалын аралап, халыққа адам саудасының залалы түсіндірді, адам саудасына қарсы ақпарат беретін кітапшалар мен буклеттер таратты.

Іс-шаралардың басты мақсаты адамдарды сексуалдық іс-әрекеттердің құрбаны болудан, еңбек құқықтарының тапталуынан және криминалдық жағдайлардан сақтандыру болып табылады.

Өз кезегінде, оңтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары ЕСКЕРТЕДІ: егер Сіз адам саудасының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, қылмысқа қатысты қандайда бір ақпарат білсеңіз, ОҚО ІІД-нің 98-00-56 сенім телефонына хабарласыңыз.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың сәуірінде ОҚО-да облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалған еді.

ОҚО әкімінің бұйрығымен бұл лауазымға Сейітжамал Пәкеев тағайындалған.

Ол 1959 жылы дүниеге келген. Мамандығы - дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты.

Сейітжамал Орынбасарұлы әр жылдары облыстағы бірқатар медициналық мекемелерде басшылық лауазымдарында болды. Шымкент медициналық колледжінің директоры болған. Осы жылдың наурызынан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475