Бәйдібек ауданы әкімі Б.Көшербайдың төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті
Мәжілістің күн тәртібінде қаржының игерілу барысы туралы, мемлекеттік сатып алу барысы, аудан көлемінде жұқпалы аурулардың алдын алу (сібір жарасы ошақтарының орнын оқшаулау, «Беккери» шұңқырлары мен мал қорымдарының (өлексе тастайтын орын, губка) жағдайы және залалсыздандыру жұмыстарының сапасы), Шаян елді мекеніндегі Т.Рысқұлов көшесінің бойындағы сауда нүктелерін реттеу, аудандағы егін орағы мен игерілмей жатқан жерлерді түгендеу жұмыстары, ауданда кәсіпкерлікті үш бағытта дамыту бойынша атқарылған жұмыстар туралы, жылу беру маусымына дайындық барысы туралы тиісті сала орынбасарлары мен мекеме, бөлім басшылары баяндама жасады. Бірқатар мекеме мен бөлім басшыларының берген есептерінде нақты талдау, ең бастысы жауапкершілікпен дайындық жасаудың болмағандығын мәжілісті жүргізген аудан әкімі Б.Көшербай атап көрсетіп, жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолдануды тапсырды. Есептері келесі мәжілісте қайта қаралатындығын ескертті.
Аудан әкімі мәжілісті қорытындылай келе, мына мәселелерге баса назар аударуды тапсырды. Бөлінген қаржыны толық игеруді қамтамасыз ету, егін орағымен қатар жер айдау, өңдеу жұмыстарын бірге атқару, жастарды жұмысқа орналастыру, қысқы маусымға әзірлік жұмыстарын үйлестіру, көше тазалығын үнемі назарда ұстауды тапсырды.
Abai.kz