Сәрсенбі, 7 Қазан 2026
Жаңалықтар 4442 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 11:22

Сот Матаевтарды үй қамауында қалдырды

Астананың Есіл аудандық №2 соты Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет Матаевтың үй қамауынан кепілдікке шығуы туралы өтінішін қабылдамай тастады.

Судья Ақболат Құрмантаев адвокат Андрей Петровтың тағы екі өтінішін мақұлдамады. Қорғаушы сот-экономикалық сараптама тағайындауын және істі Алматыда қарауын сұраған еді. Сот 23 тамызда басталады.

Матаевтардың адвокаттары сот шешімдерімен келіспейтіндерін айтып, оның үстінен шағым түсіретіндерін мәлімдеді, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

Сейітқазы Матаев ақпаннан бері үйі қамауында отыр, ал оның ұлы – наурыздан бері. Шілденің аяғында сот олардың үй қамауында отыру мерзімін тағы екі айға созды. Оларға аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған, Сейітқазы Матаевқа салықтан жалтарды деген айып қосылды. Сотталушылар бұл айыптарды мойындамайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 853
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1146