Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3267 0 пікір 25 Тамыз, 2010 сағат 11:18

ҚР СІМ басшысы және ЯСЖТК комиссиясының хатшысы ядролық қаруды таратпау саласындағы мәселелерді талқылады

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісім (ЯСЖТК) ұйымының комиссиясы ядролық қаруды таратпау және қарусыздану ісіне қосқан Қазақстанның үлесін атап өтті.

«Қазақстанға осы салада қолға алып жатқан әрекеттері үшін алғыс айтамын. Білім саласындағы қолдауы үшін де. Жақында Қазақстан мен Норвегия құрған, ядролық сынақтарға мониторинг жасау саласындағы мамандарды даярлайтын дайындық орталығы жұмыс істей бастағанын білесіз», - деді ЯСЖТК комиссиясының атқарушы хатшысы Тибор Тот ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесуден кейінгі брифингте.

Т. Тот Қазақстанға Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күні қарсаңында (БҰҰ резолюциясымен 29 тамызға белгіленген - ҚазТАГ) ҚР СІМ БҰҰ өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған конференцияға қатысу үшін келді.

26 тамызда өтетін халықаралық конференцияда ядролық сынақтарды тоқтату мен ядролық қарудан құтылудың саяси аспектілері және Семей аймағының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық проблемалары мен келешегі қаралады.

Т. Тот ЯСЖТК күшіне енуі үшін 9 елдің ратификациялауы қажеттігін айтты. «Олардың көбі Азия, Таяу Шығыс аймағында орналасқан. Ең алдымен, бізге бұрынғысынша келісімге Солтүстік Корея, Үндістан және Пәкістан елдерінің қол қойғаны және Қытай, Израиль, Мысыр, Иран мен Индонезия елдерінің ратификациялағаны қажет. Бұдан басқа, өте маңызды мәселе - аталған келісімді АҚШ-тың ратификациялауы», - деді Т. Тот.

Ол әлем қауымдастығы «бәсекелестік қауіпсіздікке емес, кооперативті қауіпсіздікке» келеді деген үміт білдірді. «Қазақстан бұл салада қандай қадамдар жасауға болатынын нақты өз үлгісімен көрсетті», - деді Т. Тот.

«Бұл үшін көп жыл қажет болмай, уақыт өте келе қалған мемлекеттер келісімнің ратификациясын қамтамасыз етіп, Солтүстік Корея да ЯСЖТКге қол қою және оны ратификациялау мәселесін қарайды деп үміттенемін», - деді ол.

Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы келісімді 1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 50 сессиясы қабылдаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339