Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3950 0 пікір 3 Тамыз, 2016 сағат 10:24

Кентау: Жемқорлықтың жолын кесу баршамыздың міндетіміз

Жуырда қала әкімдігінің кіші мәжіліс залында қала әкімі Ә.Мақұлбаевтың төрағалығымен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы өтті. Мәжіліске комиссия мүшелері, ауыл әкімдері, дербес бөлім мен МКК және МКҚК басшылары, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, денсаулық саласына қарасты мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ, Кентау қалалық білім беру бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы, Кентау қалалық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер туралы» Заңының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы, қала әкімдігінің 06.08.2015 жылғы №223 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес, қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын мәселелер және олардың алдын алу шаралары бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша мәлімет.

Алғашқы сұрақ бойынша қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ә.Ауелбеков Кентау қалалық білім беру бөлімі тарапынан Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есеп берді.

Комиссия отырысының күн тәртібіндегі екінші сұрақ бойынша қалалық емхананың бас дәрігері А.Ақшаловтың және қалалық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасарының Кентау қалалық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер туралы» Заңының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңалды.

Соңғы, яғни мәжілістің күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша қала әкімдігінің 06.08.2015 жылғы №223 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарының 7-тармағына сәйкес, қалалық ішкі саясат бөлімі тарапынан қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын мәселелер және олардың алдын алу шаралары бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғ.Тойшиевтың мәліметі тыңдалды. Комиссия мүшелері көкейлерінде жүрген сұрақтарын көтеріп, тиісті жауаптар алды.

Мәжіліс соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер туралы бейнеролик көрсетілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3332
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6095