Ордабасыда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен тұрақты жұмысқа тұрған азаматтардың саны артуда
Ордабасыда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасымен тұрақты жұмысқа тұрған азаматтардың саны артуда. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 3 бағыты бойынша биыл Ордабасы ауданының ветеринарлық қызметіне 30 азамат тұрақты жұмысқа орналасты.
Бағдарлама аясында 2012 -2013 жылдары кәсіби даярлауға Шымкент аграрлық колледжіне жолданған азаматтар бүгінде дипломын алып, ауданға оралды. 15 азамат санитар – ветеринар, фельдшер – ветеринар мамандықтары бойынша тұрақты жұмысқа орналасты.
Жалпы аудан бойынша жыл басынан «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға 1076 адам өтініш білдіріп, барлығы бағдарлама құрамына тартылды.
Жаңа және бос жұмыс орындарына 544 адам жолданды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 220 жұмыс орны ашылса, босаған 324 жұмыс орнына азаматтар жолданып, барлығы тұрақты жұмысқа орналасты.
Жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметінің негізгі әлеуметтік басымдықтарының біріне жатады. Лайықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, адам ресурстарының әлеуетін дамытудың және іске асырудың маңызды шарты, қоғам игілігін өсірудің және өмір сүру сапасын арттырудың негізгі құралы.
Бағдарлама дағдарысқа қарсы ден қою тетіктерін, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, оның ішінде еңбек нарығын болжау және мониторингілеу, табысы аз, жұмыссыз мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты жұмыспен қамтудың белсендi шараларына тарту тетіктерін қамтиды
Бағдарлама мақсаты - жұмыспен тұрақты және нәтижелi қамтуды ұйымдастыру, жұмыссыздық деңгейінің өсуін төмендету және өсуіне жол бермеу арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.
Бағдарламаның мiндеттерi:
- Экономика салаларының білікті кадрларға қажеттілігін болжау тиімділігін қамтамасыз ету;
- Жұмыс (тұрақты, уақытша) орындарын құруды жоспарлауды үйлестіру;
- Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал үшін ғаламдық дағдарыстың ықтимал теріс салдарын төмендету және экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз ету;
- Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;
- Облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіптік және аумақтық ұтқырлығын арттыру;
- Жұмыс істейтін жастардың ұтқыр бөлігінің бейімделуі және өмір сүруі үшін жағдай жасау;
- Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды арттыру, олардың мәртебесін заңдастыру;
- Әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейту, масылдықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру.
Толық ақпаратты ОҚО Кәсіпкерлер палатасы және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында біле алаласыздар.
Call-center: 8 (7252) 995501, 998080
Қабылдау күндері:
Дс-жм 9.00-18.00
Үзіліс 13.00-15.00
Абай-ақпарат