Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4831 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 14:48

ОҚО, Отырар ауданы: гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз

Кеңестік кезеңнің жетпіс жылында атқарылмаған жұмыстар Тәуелсіздік тұсында қарқынды жүргізіліп жатыр.  Ол кезеңде «Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз» деп ұрандатқанымен алыс ауылдар түгілі аудан орталықтары көркейе қойған  жоқ еді. Бүгінгі таңда еліміздегі моноқалалар мен аудан орталықтарын айтпағанда шалғайда шағын елдімекендердің өзі күн санап шын мәнінде гүлденіп, көрген адамның көзі тоятындай кейіпке еніп келеді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тікелей пәрменімен  аймақтарды дамыту қолға алынып, бүкіл республика бойынша елдімекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Мұның жарқын мысалын  Отырар ауданынан да көруге болады.

Бүгін аудан әкімі Ерлан Айтаханов абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап,  атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып шықты.

Аудандағы «Жастар», «Ардагерлер», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы», «Даңқты бабалар саяжолы», «Батыр аналар саяжолы» саябақтарындағы жұмыстар кесте бойынша жүріп жатқанына көз жеткіздік.

Сонымен қатар, Шәуілдір, М.Шойманов, Ескі Шілік, Темір елдімекендеріндегі көшелерге де абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде екен.

Аралау барысында аудан әкімі тиісті сала басшыларына жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен межеленген мерзімде аяқталуы қажеттілігін міндеттеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364