Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 4573 0 пікір 1 Тамыз, 2016 сағат 09:54

АЕР/АР президенті Томас Кент Ереванда журналистерге жасалған шабуылды айыптады

«Азат Еуропа/Азаттық радиосының» президенті Томас Кент шілденің 29-ы Ереванда полиция мен шерушілер қақтығысы оқиғасынан хабар таратқан Азаттықтың Армян қызметінің журналистеріне жасалған шабуылды айыптады.

«Азат Еуропа/Азаттық радиосы кәсіби міндетін атқарып жүрген журналистерге жасалған шабуылды айыптайды. Армения үкіметі шабуыл жасағандарды жауапқа тартып, өз заңды міндетін атқарған журналистерге қорғау танытады деп күтеміз» деген Томас Кент.

Армения астанасында патрульдік полиция полкінің аймағын басып алған «Сасна црер» қарулы тобына қолдау білдіріп жұма күні кешке шеруге шыққандар мен полиция арасында қақтығыс болған жерден тікелей хабар таратып жүрген Азаттықтың Армян қызметінің (Азатутюн радиосы) журналистері Карлен Асланян, Ованнес Мовсисян және Гарик Арутюнянға таяқ, темірмен қаруланған азаматтық киімдегі белгісіз адамдар шабуыл жасаған.

Мовсисянның сөзінше, ол өзінің тілші екенін айтып, қызмет куәлігін көрсеткенімен, шабуылдаушылар журналистің фотоаппаратын сындырып, өзін соққыға жыққан. Оның жанындағы екі әріптесі де жеңіл жарақат алған.

Армения полициясының баспасөз хатшысы Ашот Агаронян жұма күні Азаттық тілшілері мен өзге де журналистерге қарсы жасалған шабуыл оқиғасы тексерілетін болады деп уәде берді. Арменияның адам құқығы жөніндегі уәкілінің кеңсесі де бұл оқиғаның мән-жайын зерттейтінін мәлімдеген.

«Азат Еуропа/Азаттық Радиосы» – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық және Оңтүстік Азия елдері, Таяу Шығыс пен Ресейге хабар тарататын халықаралық бұқаралық ақпарат құралы. Радионы АҚШ-тың хабар тарату ісі бойынша басқарушы кеңесі арқылы АҚШ конгресі қаржыландырады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 526
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2339
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2037
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1158