Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 8941 1 пікір 28 Шілде, 2016 сағат 22:24

Үш тілге жетік жастар үшін байқау жарияланды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі үш тілге жетік жастардың біліктілігін шыңдайтын байқау жариялайды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біз байқауға қатысуға ниет танытушыларды ақпараттандыру үшін байқау шартын толық жариялауды жөн санап отырмыз.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік қызметтегі жастар арасында «Тіл шебері» республикалық байқауын (бұдан әрі - Байқау) жариялайды. 

Мақсаты: Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды  анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау,  іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді жастардың меңгеру деңгейін анықтау.

Міндеттері: Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру; тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру; жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу; тіл мәдениетін жетілдіру.

Шарты: Конкурсқа ұлтына қарамастан 21 мен 29 жас аралығындағы  жастар қатыса алады.

Конкурс үш аталымнан тұрады:

«Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

«Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;         

«Өнертаным» – 3 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтудан жарысқа түсу.

Киім кию тәртібі: I аталымда – қазақ халқының ұлттық киімі; II аталымда – классикалық стиль;  III аталымда – еркін.     

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде: тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың орамдылығы мен сапасы; жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі; үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі; сахналық мәдениеті ескеріледі.

Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамын Комитет анықтайды. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, педагогика  салаларының  ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнердің беделді қайраткерлерінен тұрады. Сандық құрамы 5 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және шығарылған шешім үшін жауапты болады. Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы ресімдейді.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және де ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Мекенжай: Астана қаласы,  Орынбор көшесі 8-үй, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті. Байланыс телефондары: 8(7172) 74-05-10, 74-04-56, 74-05-09 (тел/факс)

Абай-ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321