САФАР ШАКЕЕВТІҢ ӨЛІ ДЕНЕСІ ЕСЕНТАЙ ӨЗЕНІНЕН ТАБЫЛДЫ
Осыған дейін із-түссіз жоғалып кетті деген Сафар Шакеевтің өлі денесі Алматының Есентай өзенінің бойынан табылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің хабарлауынша, мәйіттің Сафар Шакеев енкенін табылған құжаттары растапты.
Қазір аталған іс бойынша сот-медициналық сараптамасы жүргізілуде. Осыған дейін әнші Еркеш Шакеевтің ұлы Сафар Шакеевті іздестіруге Ұлттық гвардия сарбаздары жұмылдырылған болатын.
Сондай-ақ, Шакеевті іздестіруге тікұшақ пен 200-ден астам адам жұмылдырылған. Сондай-ақ, Есентай, Бағанашыл және Ремизовка өзендері тексерілген.
Ең соңғы рет Сафар Шакеев Әл-Фараби даңғылының бойындағы банкоматтың қасынан көрген 16- шілде күні болған. 1991-жылы туған Сафар Шакеевтің жоғалғаны туралы мәлімет Медеу аудандық ІІБ 16-шілде түнгі 22:00-де келіп түскен.
Abai.kz