Жұма, 22 Қараша 2024
Міне, әңгіме! 3859 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 17:42

ОҚО ӘКІМІ БАЯН-ӨЛГЕЙГЕ ЖОЛҒА ШЫҚҚАН ДЕЛЕГАЦИЯНЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін өңір басшысы Б.Атамқұлов Моңғолияның Баян-Өлгей аймағына жолға шыққан оңтүстікқазақстандық делегацияны қабылдады,-деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Құрамында журналистер мен дін өкілдері және белсенді жастары бар топ құрамына аймақ басшысы алғысын білдіріп, ондағы қандастарға барынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді. 

Естеріңізде болса, дүйсенбі күні шекараның арғы жағындағы қандастарымызға облыс кәсіпкерлерінің демеушілігімен гуманитарлық көмек ретінде 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банка маринадталған қияр, 5000 дана шұлық және тағы басқа да азық-түлік тауарлары артылған жүк көлігі жолға шыққан болатын. Бұдан бөлек, облыс тұрғындарынан жиналған 3 млн. теңгеге зардап шеккен 5 отбасыға тұрғын-үй салу үшін құрылыс материалдары сатып алынатыны да хабарланған. 

Ал жолға шығып бара жатқан бұл топтың қоржынында негізінен, облыстағы аудандардан жиналған рухани дүниелер – кітаптар мен сурет картиналары сынды өнер бұйымдары, сондай-ақ, Оңтүстіктен шыққан отандық өнімдер бар. Шілде айының соңғы күндері Моңғолияда кездесетін өңір белсенділері көрші елдегі қандастарымызға материалдық жағынан ғана емес, рухани да қолдау көрсететін болады.

Абай-ақпарат


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318