Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Асқанға - тосқан 5317 0 пікір 27 Шілде, 2016 сағат 10:02

АСТАНАДА «ЭКСТРЕМИЗМДІ НАСИХАТТАЙТЫН» 94 САЙТ БҰҒАТТАЛДЫ

Астана прокуратурасы Қазақстанда «терроризм мен экстремизмді насихаттауына» байланысты 94 сайт сот шешімімен бұғауланғанын хабарлады.

2016 жылдың басынан бері Астананың Есіл аудандық сотына шетелдік жекелеген сайттарда жарияланған материалдарды заңсыз деп тауып, олардың Қазақстан территориясында таралуын тоқтатуды талап еткен жиырма шақты талап-шағым түскен.

«Азаматтық істерді қарау нәтижесі бойынша, терроризмді, экстремизм мен сепаратизмнің кез-келген түрі насихатталатын, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін 94 сайт бұғатталды» делінген хабарламада.

Прокуратура ақпаратында сотқа талап-шағымдарды ақпарат және коммуникация министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті түсіргені айтылады. Сот талап-шағымдарды қанағаттандыруға шешім шығарып, ол күшіне енген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 961
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2470
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 665
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 642